Жаңалықтар

Алаяқтық: Ілияс Сәриевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша Ілияс Сәриев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп жазды qandastar.kz

Прокурор екі айыпталушыға қатысты айыптау актісін оқып шыққаннан кейін судья Ернар Қасымбеков олардан кінәні қаншалықты мойындайтынын сұрады.

Тергеу барысында 26 қылмыстық эпизод анықталып, олар бір өндірісте біріктірілген. Сотта І.Сәриев кінәсін 26 эпизодтың тек алтауы бойынша мойындады. Екінші айыпталушы Ақтоты Дүйсеева да кінәсін ішінара мойындады — ол «MM Travel» туристік фирмасына байланысты эпизодтар бойынша айыптауға келісті.

Екі айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша айып тағылып отыр.

Бұған дейін сотта мемлекеттік айыптаушы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін оқыды.

Еске салайық, сәуір айында «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, ұсталғанын жазғанбыз. Ол өзін бірнеше рет «қазақтың Робин Гуды» деп атаған және әлеуметтік желідегі парақшаларында музыкант, концерт пен той ұйымдастырушы екені көрсетілген.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close