
Еліміздің көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталып отыр. Найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауып барлық дерлік аудандарда қатты жел тұруы мүмкін. Тек батыс аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбыр болмайды, түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айындағы климат аясында температура күндіз жылынады: батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыға дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градус жылыға дейін жоғарылайды, тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7-15 градус жылыға дейін төмендейді.