Жаңалықтар

«Алдымен су беріңдерші»: Президентке өтініш айтқан баланың тілегі орындалды

Фото: ашық дереккөз

Видео журналист Әділ Балтабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.

Қарағанды ​​облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен», – дейді бала.

Әлеуметтік желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды.

«Алдымен су беріңдерші» деді ғой», «Жаным-ау, тәттісін-ай», «Коляның арманы орындалған шығар», «Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ», «Баланың жүрегі таза ғой», «Халқын ойлап айтқаны», – деп жазған олар.

Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close