ЖаңалықтарСпорт

Александр Бублик алғаш рет Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сында бірінші ракеткасы Александр Бублик Australian Open–2026 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады qandastar.kz.

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған қазақстандық теннисшінің екінші айналымдағы қарсыласы Венгрия өкілі Мартон Фучович болды. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде 54-орында тұр.

Кездесу үш сетке созылып, Бубликтің пайдасына 7:5, 6:4, 7:5 есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 13 минутқа жалғасты.

Ойын барысында Александр Бублик 12 эйс жасап, төрт рет қос қате жіберді. Сондай-ақ ол 13 брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды.

Осылайша, қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің үшінші айналымына алғаш рет жолдама алды. Бұл – Бубликтің осы «Үлкен дулыға» жарысындағы ең үздік нәтижесі.

Келесі кезеңде Александр Бублик әлемдік рейтингте 62-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Back to top button