Әлем жаңалықтары
Александр Мостовой Черчесовтың Ресейге оралатынын айтты
Фото: sports.ru
Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Александр Мостовой Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың жұмысына қатысты пікір білдірді, деп жазды qandastar.kz
«РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында ол Черчесовты жақында қызметінен босатып, Ресейге оралады деп болжады.
«Гвардиола да, Черчесов сияқты, Қазақстан құрамасымен жеңіске жете алмас еді. Станислав қайда бара жатқанын және нәтиже қандай болатынын білді. Қазақтар маған ренжімесін, бірақ олар ешқашан ештеңе жеңген емес және жеңбейді де. Әрине, егер жаңа Мессилері пайда болмаса», – деді Мостовой.
Оның айтуынша, Қазақстан құрамасы бұрынғы бапкер Магомед Адиевтың кезінде жақсырақ ойнаған.
«Қазір тіпті гол да сала алмай жүр… Сірә, Станислав қызметінен босатылып, Ресейге оралады», – деп қосты Мостовой.
Еске салайық, Станислав Черчесов 2023 жылы Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кіріскен. Алайда оның жетекшілігімен команданың нәтижелері сынға ұшырауда.