Жаңалықтар
«Әлемдік рекорд»: Қазақ акробаты Шымбұлақта экстрималды трюк жасап, көпшілікті қайран қалдырды
Фото: видеодан кадр
Бейнежазба әлеуметтік желіде 100 мыңға жуық қаралым жинады.
Қазақстандық акробат Ғалымжан Әуесбай әлеуметтік желіде 9 орындықтың көмегімен шыңды бағындыған видеосын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ғалымжан Әуесбай Шымбұлақта биіктігі 3200 метр шыңды бар-жоғы 9 орындықпен бағындырды.
“Жүрегі ауыратындар бұл видеоны көрмесін. 3200 метр шыңды 9 орындықпен бағындыруға болатын экстрималды трюк”, – деп жазба қалдырды акробат.
Бейнежазба әлеуметтік желіде 100 мыңға жуық қаралым жинады.
Видеоға қатысты Шымбұлақ тау курортының әкімшілігі пікір білдірді.
“Керемет ғажап видео. Бірақ Шымбұлақ тау курорты өзіңіздің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігі үшін келесі жолы ондай іс-шараны қайталамауға кеңес береміз”, – деп жазды.
Желі қолданушылары акробаттың тепе-теңдік ұстай отырып, батылдығы мен шеберлігінің арқасында керемет нәтиже көрсеткенін айтып, таңғалды.
“Қорқыныш дегенді білмейді-ау”, “Монтаж, мен сенбеймін”, “Керемет, ғажап видео”, “Мақтанышымыз”, “Шыныменде жүрек жұтқан екенсің ғой”, “Әлемдік рекорд қой мынау”, “Мынаны әлем көру керек”, – деп жазды желі қолданушылары.