Әлеумет және қоғамЖаңалықтарЭкономика және бизнес

«Әлеуметтік әділетсіздік»: Байтук «Самұрық-Қазына» басшысының 800 млн табысын сынады

«Самұрық‑Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов үш жылда 805 млн теңгеден астам табыс тапқаны жарияланды.  Белсенді Ғалым Байтуктың пікірінше, бұл —  әлеуметтік әділетсіздік, деп жазады Qandastar.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бюджеттік және квазимемлекеттік секторда жоғары басшылардың сондай табыстары мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларымен салыстырғанда үлкен алшақтық тудырады.

Байтук Facebook парақшасында бұл жағдайды әлеуметтік қауіп ретінде бағалап, мемлекеттік қаржыдан төленетін жалақылар нарықтық емес дисбалансқа әкеледі деп мәлімдеген.

Белсенді сондай‑ақ ұстаздар мен дәрігерлердің мемлекеттің басты тірегі екенін, ал олардың көпшілігі 1 миллион теңгеден төмен айлық алатынын атап өткен.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button