Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады
Тауарлар тізбесінде нан, сүт, ұн, сүзбе, сары май, жұмыртқа, құмшекер, тұз, сиыр еті, секілді азық-түлік бар,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде 0,1%, ал жылдық мәнде 0,9% төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2024 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мынадай болды:
сүзбе – 2139 тг/кг;
пияз – 115 тг/кг;
құмшекер – 419 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Бір апта ішінде нан, сүт және тауықтың сан етінің бағасы өзгермеген. Макарон, 1-сорт ұн, сүзбе бар-жоғы 0,1 пайызға арзандаған. Ал сары май, жұмыртқа мен сәбіз 0,1 пайызға қымбаттаған. Құмшекер мен тұз, сиыр еті арзандаса, пияздың бағасы 0,3 пайызға өскен. Күріш бағасы 0,2 пайызға, қырыққабат – 0,4 пайызға, күнбағыс майы – 0,5 пайызға, қарақұмық 0,9 пайызға түскен. Ал картоп 2,2 пайызға қымбаттаған.