Жаңалықтар

Әлеуметтік төлемдердің қашан өсетіні белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер 10%-ға өседі

Фото: ашық дереккөз

Үкімет 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыруды көздейтін қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды qandastar.kz

Атап айтқанда, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер 10%-ға ұлғаяды.

Аталған қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылып, пікір білдіру мерзімі 20 қазанға дейін жалғасады.

Асыраушысынан айырылу жағдайындағы төлем

Бұл төлем қайтыс болған адамның асырауында болған жандарға төленеді және ол мемлекеттік жәрдемақымен қатар тағайындалады. Әрбір алушы үшін төлем мөлшері жеке есептеледі. Төлем 18 жасқа дейін, ал күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін 23 жасқа дейін беріледі.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда берілетін төлем

Бұл әлеуметтік төлем еңбекке жарамсыз болып қалған азаматтарға тағайындалады және мемлекеттік мүгедектік жәрдемақымен қатар төленеді.

 

Back to top button