
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба көпшіліктің ашу-ызасын туғызды, деп хабарлайды qandastar.kz Azattyq Rýhy сілтеме жасап.
Видеода жас жігіттің қызды басынан тепкені, ал қасында отырған қыздың оның іш киімін күштеп шешуге тырысқаны көрінеді. Оқиғаның нақты қай өңірде немесе қай елде болғаны әзірге белгісіз.
Оқиғаның нақты қай өңірде немесе қай елде болғаны әзірге белгісіз. Алайда бейнежазбадағы жастардың түр-әлпетіне қарап, оның Азия елдерінің бірінде түсірілгені болжануда.
Аталған жазба қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Көпшілік пікір білдіріп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.
«Анау жануардың нөмірі, мәліметтері керек. Тепкен қалай болатынын көрсетейін», «Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма деген мақал осы үшін», «Қытай ғой бұл. Бірақ қай ел болса да аямау керек. Тәрбиені әркім өзінен бастасын, бір бірінің бөлмесіне жалаңаш кіре бермей, ұятсыздар», «Қазақстан емес Қытай, күйді алып тастаңдар қор қылмай», — деп жазды желі қолданушылары.