Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін жарты миллион теңгеге жуық ақша төлемек

Фото: bureau.kz

 

Түркістан облысының тұрғыны мектеп директорын жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап, енді әлеуметтік желі арқылы жала жапқаны үшін 465 мың теңге төлейтін болды, деп хабарлайды Qandastar.kz Otyrar. сілтеме жасап.

Әйел Facebook желісіндегі парақшасында аудандық орта мектеп директорының жемқорлыққа қатысы барын және бұл қызметте жұмыс істемеуі керектігін жазған. Өз кезегінде мектеп директоры бұл ақпараттың жалған екенін және оның беделіне нұқсан келтіретінін айтты. Және ол қолданушының үстінен сотқа шағым түсірді.

«Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот құқық бұзушының жүктілігін және шын жүректен өкінгенін ескеріп, жәбірленуші мен соттан кешірім сұрап, әкімшілік айыппұлдың мөлшерін 30%-ға қысқартты», – деді Түлкібас аудандық сотының өкілдері.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close