Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі «әдемі өмірдің» жарнамасы жастарға зиянын тигізеді – Тоқаев

Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы туралы айтты. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік желілердегі әдемі өмір және «успешный успех» культі адамдарда бәріне оңай және қарапайым жолмен қол жеткізуге болады деген ой тудырады. Президент жастардың осыған сеніп, уақыттарын босқа өткізіп жатқанын атап өтті.

«Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен «сәтті жетістік» деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр», – деді Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде.

Президент еңбекқорлық пен жауапкершілік ұлтымызға тән қасиетке айналуы тиіс екенін атап өтті.

«Мен еліміздің әрбір азаматының өмірлік мақсатының адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жету болғанын қалаймын. «Жауапкершілігі мол азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасының мәні де осында», – деді президент.

Президент жастарға сенетінін баса айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы жастардың өзін-өзі дамытауына кең мүмкіндіктер аша алатынына сенім білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев бірнеше адам әлеуметтік көмек алатын отбасыларды сынға алған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close