Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алғабастағы 13 адамның қазасы: аман қалған ер адам мен әйел ауруханадан шықты

Түркістан облысы Алғабас ауылында болған алапат өрттен зардап шеккен екі науқас ауруханадан шығып, амбулаториялық ем алып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева айтқан.

Айтуынша, 39 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел амбулаториялық емге жіберілген.

«Түркістан облысында өрттен зардап шеккен екі адамның жағдайы қанағаттанарлық. 30 қараша күні олар ауруханадан шығарылып, амбулаториялық емге жіберілді. Өкінішке қарай, өрттен аман қалған 2018 жылғы бүлдіршін жарақатының ауыр болуынан 30 қараша күні қайтыс болды. Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», — деді министрлік өкілі.

Олар 30 қараша күні Шымкент қалалық ауруханасынан амбулаториялық емге шығарылған.

Ауруханадан шыққан ер адам үш күн бұрын қайтыс болған 7 жастағы қыздың әкесі екен.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Тағы үш адам зардап шекті.

Бұған дейін өрттен аман қалған ер адам мен келіншек Шымкентке жеткізілген болатын.

 

Ал 7 жастағы жасөспірім қыз көз жұмғаны хабарланды.

 

Полиция өрт қауіпсіздігін сақтамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button