
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша ұлттық конкурс басталды, деп жазды qandastar.kz
Қазақстанда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс басталды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды.
Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлағандай, конкурс 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді. Осы кезеңде ел азаматтары eGov Mobile қосымшасы арқылы өздерінің атау нұсқаларын ұсына алады.
«Конкурстың атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында басталуы – осы саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын көрсетеді», – деді агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
11–20 қазан аралығында ұсынылған атаулар сарапталып, қазан айының соңына дейін үздік нұсқа жарияланады.
Конкурс шарттары мен ережелері Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және Telegram арнасында қолжетімді. Ұйымдастырушылар байқаудың ашық әрі әділ өтетінін атап өтті. Комиссия шешімімен ең үздік атау таңдалып, ресми түрде бекітіледі.