ЖаңалықтарСпорт

Алғашқы алтын жүлде: Тоқаев таеквондодан әлем чемпионын құттықтады

Мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы атанған Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін», — делінген құттықтауда.

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді.

Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button