Тележүргізуші әрі продюсер Динара Сәтжан, Айнұр Ильясованың YouTube-арнасына сұхбат берген сұхбатында болашақта жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүю мүмкіндігін қарастырып жүргенін айтты, деп жазады qandastar.kz.
Сұхбат барысында Айнұр Ильясова қонағына жұбайы Жұмабек Жанықұлмен қарым-қатынасы, отбасылық өмірі, келіндік міндеті мен бала тәрбиесіне қатысты түрлі сұрақ қойған. Сөз соңында ол Динара Жанықұлдың ана атану жоспары жайлы сұрады.
«Сіз бұған дейін сұхбаттарыңыздың бірінде өз адамыңызды жолықтырып, бала сүйгіңіз келетінін айтқан едіңіз. Баян Алагөзова мен Айгүл Мүкеи сынды құрбыларыңызды мысалға алсақ болады. Қазір де сәби сүюді жоспарлап жүрсіз бе?», — деп сұрады актриса.
Сұраққа әзіл мен шындықты ұштастыра жауап берген Динара Жанықұл бұл тақырыпта талай рет сұхбат алғанымен, өзі де мұндай жолды қарастырамын деп ойламағанын жеткізді.
«Менің бала сүйетінімді бүкіл Қазақстан күтіп отырғандай. Көпшіліктің қоятын сұрағы да осы. Жалпы, жасанды ұрықтандыру жолын мүлде жоққа шығармаймын. Тексеруден өттім, әлі жаспын, өзім де бала сүйе аламын. Дегенмен, ғылым дамып жатыр. Сондықтан, біздің жаста ғылымға сенген дұрыс деп ойлаймын. Қазір мамандар эмбрионды жан-жақты зерттеп, дені сау баланы таңдауға мүмкіндік береді», — деді ол.



