Жаңалықтар

Әлихан Байменовке жаңа лауазым бекітілді

Фото: жеке қорынан

Қазақстанның Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған Әлихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді, деп жазды qandastar.kz

«Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады», – деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Әлихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды.

Әлихан Байменов бұған дейін Үкіметте жауапты қызметтер атқарған. Ол- 2014 жылғы қыркүйектен бастап Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close