Жаңалықтар

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4 жыл 6 ай түрме жазасын сұрады

Қарағандыда қоғамда үлкен резонанс тудырған Алика Мұхамадиеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Бүгін Қазыбек би аудандық прокуроры Фарида Сәдуова айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz

Прокурордың айтуынша, Мұхамадиеваның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ұлтаралық араздықты қоздыру ретінде бағаланады. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Сондай-ақ прокурор айыпталушының кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп, жазаны өтеуді кейінге қалдыруды ұсынды. Аликаның 2023 жылы туған сәбиі бар екені айтылды.

Сот үкімі жақын күндері жарияланады.

Еске сала кетейік, Алика Мұхамадиева әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырып, қоғам наразылығына тап болған. Ол «Қазақстан несімен танымал?» деген сауалға «мамбетами» деп жауап қатқан.

Back to top button