Жаңалықтар

Әлішер Елікбаев Перизат Қайраттың қорына қаржы аударғанын айтты

Фото: forbes.kz

Блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы жинаған Biz Birgemiz Qazaqstan қорына ақша аударғаны туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды  qandastar.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Блогер қорға өз компаниясының атынан көмек ретінде қаржы аударған. Бұл қаражатты ұжым болып жинаған.

Әлішер Елікбаев компания атынан бөлек, отбасының атынан да қаржы жібергенін айтты.

Еске салайық, ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 1,5 миллиард жымқырды деген күдікке ілінгені туралы жазған болатынбыз. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close