Танымал әнші Әлішер Кәрімов YouTube желісіндегі «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында пластикалық оталарға жүгінгенін ашық айтты, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесі косметолог қызметін де пайдаланатынын, бетіне түрлі екпелер салдыратынын жасырмады.
«Көзіме ота жасаттым. Кейде екпе салдырамын, косметологқа барып тұрамын. Мен үшін бұл қалыпты жағдай. Өйткені сахна адамымын. Көрермен сені жылдар өтсе де жас қалпыңда көргісі келеді», – деді әнші.



