Шоу бизнес

«Әлішер Кәрімовке берген, Құсайынов құр қалған»: желіде халық әртісіне қатысты әділетсіздік талқылануда

Әлеуметтік желілерде әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы, әнші Мұрат Құсайыновтың әлі күнге дейін «Қазақстанның халық әртісі» атағын алмағаны туралы қызу талқылау жүріп жатыр, деп жазады qandastar.kz.

Пост астына пікір қалдырған жұрт Қазақстанда атақтар әділетсіз берілетінін айтып, наразылық білдіруде. Көпшілік президенттен Әлішер Кәрімовке атақ беріліп, Құсайыновқа берілмеуінің себебін түсіндіруді талап етіп отыр.

«Бұл ақпарат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетеді деп үміттенеміз. Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайыновқа әлі күнге дейін «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілмегенін, ал жас әнші Әлішер Кәрімовке берілгенін білдік. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінен жас әншінің аты аңызға айналған ансамбльдің негізін қалаушыдан қалайша асып түсетінін көпшілік алдында түсіндіруді сұраймыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button