Жаңалықтар

«Әлия Молдағұлова – әнші»: Мәһрге үй мен Lexus сұраған қыз жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

«Сезім бағы» реалити-шоудың түсірілімінде болған күтпеген жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында қатысушыларға арналған арнайы сауалнама ұйымдастырылған. Кезек Аяулым есімді қызға келгенде, оған: «Әлия Молдағұлова кім?» деген сұрақ қойылады. Қатысушы сәл ойланып тұрып, «Әнші» деп жауап берген.

Бұл жауап көпшіліктің ашуын туғызып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Кейбірі жағдайды әзілге айналдырса, енді бірі мұны білімсіздіктің көрінісі деп бағалап, қынжылысын жасырмады.

«Лексус сұрағанша, ми сұраңдар», «Мұнда күлу емес, жылау керек», «Ұят-ай, мектепте не оқыған», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетсек, Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызы – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы. Оның есімімен еліміздің көптеген қалаларында көшелер, мектептер аталып, ескерткіштер орнатылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @qoorra

Ұқсас Мақалалар

Back to top button