Мәдениет
«Алла деген жазу шықты»: Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсіріп жүргенде ерекше құбылысқа куә болды
Фото: Видеодан скриншот
Отандық эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев жаңа әніне бейнебаян түсіріп жатқанда бұлттардың арасынан «Алла» деген жазуды оқығанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Шарын шатқалы маңында су жаңа әніне бейнебаян түсіріп жүр.
«Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. Біз мінеки, бейнебаян түсіріп жатырмыз. Сіздерге бір қызық көрсетейін. Алланың кереметі. «Алла» деген жазуды бұлттан оқи аласыздар ма?», – дейді Жігер Ауыпбаев видеода.
Эстрада жұлдызы бұл жолы бейнебаянның ерекше болатынын айтып, тыңдармандарын елеңдетіп қойды.
«Бұл бейнебаян бұрынғыдан ерекше болайын деп тұр… Жаңа бейнебаян түсірілімі кезде осындай керемет құбылыс болды. Аспандағы бұлт «Алла» деген жазуды бейнелеп тұрды. Алланың аты жазылып тұр. Ешкімге үндемей бірер минуттай қарап тұрып шыдай алмай видеоға түсіріп алдым. Бұл құбылыстың өзі маған ерекше рух берді. Жұмыс барысында осындай құбылыс болса, бейнебаян қандай болғанын ойлай беріңіздер енді. Бұл сәл бұлттың тарқаған кезі ғой. 1-2 минут алдында бұдан да анық жазылып тұрған еді», – дейді ол.