Мәжіліс депутаты өз әлеуметтік желісінде алаяқтарға ескерту жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Дәулет Мұқаев оқырманы жіберген жазбамен бөлісті.
Онда белгісіз біреу депутаттың атынан хат жазып, 1 миллион теңге ұтып алғанын айтады.
«Миллион ұтып алдыңыз. Бірақ соңында комиссия, салық төлеу керек. Алаяқтарға алданбаңыздар. Жалған құжаттарға сенбеңіздер.
Алланың атын қосып, Алладан қорықпайтындар жетерлік», — деп жазды депутат.




