Жаңалықтар
Алмасбек Садырбайды қамауға алды
Фото: ашық дереккөз
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Садырбай өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде, деп жазады qandastar.kz
Негізгі мақсат – ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды.
Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.
Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.
А.Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.