Алматы халықаралық әуежайында жеңіл оқыс оқиға тіркелді. 13 қазанға қараған түні сағат шамамен 01:00-де жанармай құю көлігі Lufthansa компаниясының Airbus A340 ұшағын жанармай құйғаннан кейін тұрақтан шығу кезінде абайсызда қозғап кеткен, деп хабарлады qandastar.kz.
Оқиға орнында инженерлік қызмет дереу тексеру жүргізіп, қозғалтқыш корпусында тек үстірт сызаттар барын анықтаған. Техникалық байқаудан соң әуе кемесі ұшу үшін жарамды деп танылып, рейс жоспарға сай орындалған.
Әуежай әкімшілігі болған жағдайға байланысты ішкі қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.