Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы әуежайында 8,8 кг есірткімен келген жолаушы 16 жылға сотталды

Алматы халықаралық әуежайында Бангкок–Алматы рейсімен келген 23 жастағы жолаушыдан 8 кг 879 грамм гашиш майы тәркіленді. Тергеу мәліметінше, ол есірткіні алдын ала келісім бойынша ақша үшін тасымалдап, оны өткізуге әрекет жасаған. Сот оны кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматы халықаралық әуежайында Бангкок–Алматы рейсімен келген 23 жастағы жолаушыдан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, тексеріс барысында оның багажынан жалпы салмағы 8 кг 879 грамм болатын «гашиш майы» табылып, алынды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті алдын ала келісім бойынша және ақша үшін есірткіні шекара арқылы тасымалдап, кейін оны таратуды жоспарлаған.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button