Жаңалықтар

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді

Видеодан скрин

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның әуежай кеңселерінің бірінде өзін өртеп жібергенін көруге болады. Оқиға орнындағы полицейлер өртті жедел сөндірген.

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мұндай әрекетке баруына азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасуы себеп болған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close