Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы әуежайында ұшақ өртенді: қызметкер жарақат алды

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға салдарынан әуе компаниясы тобының бір қызметкері жарақат алған.

Оқиға бүгін, 28 тамызда, Алматы халықаралық әуежайында әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде болған.

Air Astana тобының мәліметінше, өрт ұшақтың шағын аумағында тұтанған. Әуежайдың жедел қызметтері оқиға орнына дереу жетіп, жалынды қысқа уақытта сөндірген.

Өрт кезінде зардап шеккен қызметкерге медициналық көмек көрсетілген. Кейін ол ауруханадан шығарылған.

Маңыздысы, төтенше жағдай кезінде ұшақтың ішінде жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.

Қазір мамандар әуе кемесінің қаншалықты зақымданғанын анықтап жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana тобы бірлесіп анықтап жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button