Алматыда терактінің алдын алды: бес шетелдік азамат ұсталдыБиыл қыркүйек айында Алматы қаласында теракт ұйымдастыруды көздеген бес шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК мәліметінше, күдіктілер 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарлаған террорлық әрекетті іске асыруға дайындық жүргізген. Арнайы операция барысында олардың барлығы қамауға алынып, тергеу амалдары басталған.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда бес шетелдік азаматтың террорлық акт жасау әрекетінің жолын кесті. Барлығы ұсталып, тиісті тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар комитеттің дерегінше, биыл қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерге қатысу фактілері бойынша сегіз қазақстандық азамат қамауға алынған.
Ал тағы алты адам бұрын жасалған террористік және экстремистік қылмыстары үшін сот шешімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.



