
Фото: freepik.com
Алматы облысында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Lexus және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысып, салдарынан 8 адам қаза тапты. Тағы 2 жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 107-ші шақырымында болды. Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, Lexus жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу шаралары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жолда аса мұқият болуды ескертеді.