Жаңалықтар
Алматы маңында жер сілкінді
Фото: ашық дереккөз
Бүгін таңға жуық Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан, – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.