Жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінісі кезінде бас сауғалайтын шатырлы лагерь салынады

Фото: pexels.com

Мәжіліс отырысында Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Алматы маңында жер сілкінісі кезінде адамдар паналайтын шатырлы лагерь құру туралы жоспарын айтты. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шыңғыс Әрінов министрліктің жедел мақсаттағы “Алатау”оңтүстік базасының құрылғанын айтты.

“Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда Алматы маңында зардап шеккендер үшін шатырлы лагерь құрылады. Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау пунктері мен басқа да қажет қосалқы нысандар болады”, – дейді министрлік басшысы.

Министр лагерьдің басты артықшылығы 173 гектар ашық жер дейді.

“Бұл жер опырырылмайды және ол жарықтары жоқ үстіртте орналасқан. Онда кіретін жолдар бар және жақын жерде темір жол орналасқан. Біз сонда тренинг өткіземіз. Ол жақта шатырлар жеткілікті. Оған қоса, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің номенклатурасында біз міндетті түрде шатырлар, төсек-орындар, арқаға асатын сөмкелер ​​береміз. Мұның бәрі қандай да бір дербестік болуы үшін керек. Тағы бір шешілмеген мәселе бар. Біз әр зардап шеққан адамға термикалық ішкиім мен жылы киім және барлық қорғаныс құралдарының берілуін қамтамасыз етуге көшеміз. Әр 10 адамда медициналық қобдиша болады. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлер де болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар онда шатырлар, ұйықтауға арналған қаптар, құрал-жабдықтар және үш күнге жететін азық-түлік болады”, – дейді Шыңғыс Әрінов.

Министр адамдар жиі-жиі орналасса, базада 50 мың адам сыятын орын барын айтады.

“Адамдардың сыйымдылығын 1 миллион орынға жеткізсек дейміз. Тек Алматы маңында ғана емес, басқа қалалардың жанынан да осындай қауіпсіз жер іздеп жатырмыз”, – деді ведомство басшысы.
Еске салайық, бұған дейін 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close