Жаңалықтар

Алматы облыстық прокуратурасы заңсыз митингке қатыспауға шақырды

Фото: gov.kz

Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды. Бұл туралы Талғар аудандық прокуратусы хабарлады, деп жазды qandastar.kz

Алматы облысының прокуратурасы жиналыстар, митингілер, пикеттер сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізу «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңымен қатаң реттелетінін еске салды.

«Біз тұрғындарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингілерге қатысуға шақыруларға еріп кетпеуді сұраймыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ауыр зардаптарға әкеп соғады. Бұл әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (Қылмыстық кодекстің 400-бабы) жатады.

Заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз», – делінген хабарламада.

Прокуратура халықты заңды сақтауға шақырып, заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close