Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің орынбасары кешірім сұрады

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов мүгедектігі бар азаматтарға қатысты айтқан сөзі үшін жұртшылықтан кешірім сұрады, деп жазды qandastar.kz

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігімен Талғарда өткен кездесуге көп адам жиналып, әрқайсысы өз маңызды мәселесін көтеруге тырысқан. Кезек те ұзақ болған.

«Кездесуге регламент бойынша екі сағат бөлінген еді. Бірақ сұрақтардың өте көп болуына байланысты жиын шамамен төрт сағатқа созылды. Келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да болды. Кейбірі ұзақ уақыт тік тұрып, кезегін күтті. Оларға сөз берілген кезде залдағы бірнеше адам сөйлеп тұрған азаматтың сөзін бөліп, кедергі жасай бастады. Мен оларды регламентті сақтауға шақырдым. Алайда орыс тілінде айтқан сөзімде қателік жіберіп, ойымды дұрыс жеткізе алмадым. Негізі ‘Құдай үлкен сынақ берген’ деп айтқым келген. Бірақ сөзім намысына тигенін түсіндім. Шын жүректен кешірім сұраймын», – деді Есболатов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button