Жаңалықтар

Алматы облысында әйел жардан құлап кетті

Фото: Pixabay

Төтенше жағдай министрлігінің әскери қызметкерлері Талғар ауданындағы Маралсай шатқалында құлап кеткен әйелді тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Төтенше жағдай министрлігіне қарасты 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында механикаландырылған патруль бағытымен жүріп келе жатып шатқал ішінде көмекке шақырып жатқан әйелді байқап қалған.

“Патрульдеу кезінде көмекке мұқтаж адам анықталды. Белгілі болғандай, 1986 жылы туған әйел абайсызда жардан құлап кетіп, өз бетімен шыға алмаған. Кезекші жасақтың күшімен зардап шеккен әйел құтқарылып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.

Әйелдің өміріне қауіп төнген еді. Ал құтқарушылар қауіптің алдын алды

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close