Жаңалықтар
Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

Фото: Қорғаныс министрлігі
Алматы облысы Жамбыл ауданы Тарғап ауылының маңында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде EC-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы және онда үш экипаж мүшесі болғаны жайлы ақпарат тараған еді.
Қорғаныс министрлігінің Әуе күштері бұл ақапаратты растады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына қосымша әуе кемелері жұмылдырылды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі болған. Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеме жасады Қорғаныс министрлігі.
Ведомство жағдайға қатысты кейін түсініктеме берілетінін атап өтті.
“Алдын ала мәлімет бойынша, бортта экипаждың үш мүшесі болған. Қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің өкілдері.
Бұған дейін Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанытуралы жазған едік. Бортта 49 адам болған.