Жаңалықтар

«Квартираға жүр, демалайық»: 60-тағы шал 15 жастағы қызды құшақтап алған

Күні кеше Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы «Алматау» тұрғын үй кешенінде жантүршігерлік оқиға бола жаздады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл оқиға туралы желі қолданушысы Тоқтар Жақаш жазды.

Айтуынша, мектептен үйге қайтып келе жатқан 15 жастағы оқушы қыз есік алдында зорлықтың құрбаны бола жаздаған.

«Подъезге жақындағанда арғы жақтан үй жаққа қисалаңдап келе жатқан 60 жастан асқан еркек 15 жастағы қыздың мойнынан құшақтай алады. Шошып кеткен қыз бала қолын ары итеріп жібереді. Ойында ештеңе жоқ, подъезге кіреді. Сөйтсе, әлгі еркек артынан жүгіріп келіп, белінен құшақтап, құлағына «квартираға жүр, демалайық» дейді. Әйтеуір, өйтіп-бүйтіп құтылып, лифтке мініп, пәтеріне әрең жетеді», — деп жазды ол.

Кешке анасы жұмыстан келгесін қыз бәрін баяндап береді.

Анасы дереу полиция шақырады.

«Талғар аудандық Ішкі істер бөлімінің екі участкелік полиция қызметкері келеді. Олар үшінші қабатта тұратын әлгі шалдың пәтеріне барады. Пәтерден шалдың ұлы мен қызы шығып, қыздың анасына небір боқтықты жаудырады. Шалдың ұлы мен қызы «бізге ештеңе істей алмайсыңдар! Барлық жерде адамдарымыз бар! Білгеніңді қыл!» депті», -деп жазды Тоқтар Жақаш.

Айта кетері, ер адамның әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button