Жаңалықтар

Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетті

Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz  ақпарат порталы.

Оқиға 23 маусым күні сағат 19:10 шамасында Отар – Алматы-1 учаскесінде болған. Аксенгер – Бурундай аралығында екі адамның теміржол үстіне кенеттен шығып кетуіне байланысты машинист шұғыл тежеу қолданған.

«Локомотивтен берілген дабылдарға олар жауап қатпаған. Қашықтықтың тым жақын болуына байланысты қағылудың алдын алу мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Оқиға туралы Алматы-1 станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне хабарланған. Қазір оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close