Жаңалықтар

Алматы облысында құс фабрикасы өртеніп, бір адам қаза болды

Алматы облысының Іле ауданында орналасқан құс фабрикасы өртенген, деп жазды Qandastar.kz.

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, 28 шілде күні М.Түймебаев ауылында құс етінен тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорынның асханасынан өрт шыққан. Оқиға орнына дереу қалалық және облыстық ТЖД құтқарушылары жұмылдырылған.

— Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрттің үлкен аумақты шарпығаны анықталды. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі ер адамның мәйітін тапты. Ашық жалынды өшіруге 42 маман мен 14 техника жұмылдырылды. 450 шаршы метр аумақта өрт толығымен сөндірілді. Жақын маңдағы нысандарға оттың таралуына жол берілмеді, — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі ҚК 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close