Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы облысында мектепте 15 жастағы оқушы кенеттен көз жұмды

Қаскелең қаласында үзіліс кезінде 15 жастағы оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Желіде Сәтбаев атындағы орта мектепке келген жедел жәрдемнің видеосы тарап, оқыс оқиға туралы ақпарат тарады.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, таңертең алғашқы сабақтан кейін үзіліс кезінде 9-сынып оқушысы өзін жайсыз сезінген.

Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған.

Жасөспірімнің ата-аналары бөлек тұрады. Ол әкесімен бірге тұратындықтан дереу ер адамға хабарлама жіберілген.

Ал анасы жағынан әжесі оқушы оқыған Сәтпаев атындағы №47 орта мектепте география пәнінің мұғалімі екен. Ол қиын сәтте немересімен бірге болды.

«Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық және медициналық шаралар жүргізгеніне қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады. Ол оқиға орнында қайтыс болды», — делінген мәлімдемеде.

Жасөспірім 26 ақпан күні 16 жасқа толар еді.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Дене сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері қосымша ақпарат береді.

Жедел жәрдем келгенде, мектепте жергілікті атқарушы билік өкілдері, құқық қорғау органдары, білім беру бөлімі және психологиялық қолдау мамандары болды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button