Жаңалықтар
Алматы облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты

Бүгін Достық-Бескөл учаскесінің күзетілмейтін өткелінде жеңіл автокөлік жолға кенеттен шығып кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ақпарат Достық станциясының ЖПБ-на берілді. Жол-көлік оқиғасы пойыздардың жүру кестесіне әсер етті. Биылғы жылдың бес айында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары саны 20 пайызға өскен.
ҚТЖ жүргізушілерді өте мұқият болуға және темір жолдарды кесіп өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.