Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы облысында шекара заставасында өрт шықты: қаза тапқандар бар


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағында болған.

«2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты», — делінген мәлімдемеде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді.

Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button