Жаңалықтар

Алматы облысында тағы бір «алтын адам» табылуы мүмкін

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жүргізілген қазба жұмыстары барысында Тоғызбұлақ-1 қорғанынан сақ дәуіріне жататын алтын әшекейлер табылды. Бұл олжалар 1969 жылы Есік қаласының маңынан табылған әйгілі «Алтын адамның» әшекейлеріне ұқсас, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Қарадала өңірінде осындай шамамен 50 сақ қорғаны орналасқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары екі ай ішінде солардың алтауын зерттеді. Олардың айтуынша, бұл қорымдар сол заманның билік өкілдеріне тиесілі.

Табылған шамамен 30 артефакттың ішінде алтын жүзіктер, әйелдерге арналған алқалар мен сырғалар, түрлі белдік бастары мен алқалар бар. Сонымен қатар алтын тіс қаптамалары мен мүйіз пішініндегі әшекейлер жақсы сақталған.

«Бұл жерден де ‘Алтын адам’ жерленген болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда көптеген қорғандар ерте замандарда-ақ тоналып кеткен. Соған қарамастан, бұлар — сол дәуірдің билеуші топтарының қорымдары. Бұл қорғандар элиталық санатқа жатады. Алдын-ала бағалау бойынша табылған алтын бұйымдар б.з.д. IV–III ғасырларға жатады», — деді экспедиция жетекшісі Досбол Байқонақов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close