Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы облысында тас басып қалған туристке құтқарушылар көмекке келді

Алматы облысындағы Левый Талғар шатқалында жорыққа шыққан турист ауыр жарақат алып, арнайы құтқару операциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға теңіз деңгейінен шамамен 2 970 метр биіктікте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жорық кезінде туристің үстіне тас құлап, ол ауыр халде қалған.

Дабыл түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, зардап шегушіні тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның жағдайы ауыр болғандықтан, мамандар бірден эвакуация жұмыстарын бастады.

Туристі қиын таулы соқпақтар арқылы Кіші Талғар асуына дейін жеткізу оңайға соқпаған. Кейін құтқару жұмыстарына альпинизм федерациясының еріктілері де қосылып, бірлескен күштің арқасында зардап шегуші «Шымбұлақ» тау курортына жеткізілді.

Одан кейін турист Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылып, әрі қарай қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Мамандар тауға шығатын азаматтарға ауа райын алдын ала бақылап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және күрделі бағыттарға жалғыз шықпауға кеңес береді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button