Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты. Салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жол апаты Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы бағытындағы теміржол өткелінде болған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген.

Жол ережесін бұзған маршруттық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button