
Фото: ашық дереккөз
Қорғаныс министрлігі тікұшақ құлаған орыннан екінші адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде мәйіт судан шығарылды.
“Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 9 тамызда Сорбұлақтағы жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адам денесітабылғаны туралы хабарлаған едік.



