Қайғылы оқиға Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Алматы облысы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәлімет бойынша «Honda Odissei» көлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан «HOWO» жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көлікте болған барлық жеті адам, соның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан көз жұмды.
Тергеу жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



