
Алматыда жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
15 жастағы оқушыны көлік қағып кеткен сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Видеожазбада автокөліктің бұрылыс кезінде жасөспірімді соғып өткені анық көрінеді. Оқиғадан кейін жүргізуші тоқтамай, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Құқық қорғау органдары жүргізушінің жеке басын анықтау үшін бейнежазбаны зерделеп, куәгерлерді іздестіріп жатыр.



