
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Алматы қаласында 18 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz сілтеме жасап.
19 қыркүйек күні 2007 жылы туған қызды такси жүргізушісі зорлағаны туралы ақпарат тарады. Полиция департаменті оқиғаны растады.
«Жәбірленушінің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, жоғалып кеткеннен кейін зорланып табылған қызды полиция 5 сағат бойы тергеген. Ал күдіктінің бұған дейін қызға қырындап жүргені белгілі болды.



